ІІМ жоғары оқу орындарына түсу үшін 50 балл жеткілікті ме

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
50 балмен ІІМ оқу орнына түсуге бола ма / Фото: kursiv.media архиві

Қазақстанда Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына түсуге ниетті талапкерлер ҰБТ-дан кемінде 50 балл жинауы қажет. Алайда бұл балл оқу орнына қабылдануға кепілдік бермейді. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Kursiv.Media.

Қабылдау қалай жүргізіледі

ІІМ мәліметінше, ведомствоның оқу орындарына қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Талапкердің ҰБТ нәтижесімен қатар бірнеше іріктеу кезеңінен өтуі ескеріледі. Атап айтқанда, медициналық, дене дайындығы және психофизиологиялық іріктеу нәтижелері есепке алынады.

«ІІМ оқу орындарына қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылады. Бұл ретте ҰБТ нәтижелерімен қатар медициналық, физиологиялық және психофизиологиялық іріктеу нәтижелері де ескеріледі. Одан әрі үміткер белгіленген іріктеу кезеңдерінен өтіп, конкурс нәтижесі бойынша жеткілікті көрсеткіш көрсетуі қажет», – деп түсіндірді ІІМ баспасөз қызметі.

Осылайша, 50 балл – конкурсқа қатысуға мүмкіндік беретін ең төменгі шек, ал оқу орнына түсу үшін талапкер барлық белгіленген іріктеу талаптарынан өтуі қажет.

Айта кетейік, грант иегерлерінің тізімі биыл 7 тамызда жарияланған. Бакалавриатқа жалпы 75 371 мемлекеттік грант бөлінген. Мемгрантқа түсе алмағандарда әкімдіктер мен Қазақстан халқына қорының гранттарына түсуіне әлі де мүмкіндік бар.

Сондай-ақ оқыңыз