Израильдіктер палестиналықтарға үйлерін тастап кетуге бұйрық берді

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
REUTERS/Dawoud Abu Alkas, бильд-редактор: Дастан Шанай

Батыс жағалаудағы ауылда шамамен он палестиналық отбасы өз үйлерін тастап кету туралы нұсқау алды.

ВВС ақпаратына қарағанда, бұл үйлер Израиль қоныстанушыларын көшіру жөніндегі израильдік әскери операция барысында басып алынған, деп жазады Kursiv.Media.

9 тамыздан бастап қоныстанушылар бұл аймақтағы үш үйдің тұрғындарын қоршауға алып, олардың электр және су жүйелерін ажыратты.

Кусра қаласының мэрі Абдель Азим Вади өз ауылы жабық әскери аймақ деп жарияланғанын және израильдік күштер босап қалған палестиналық кейбір үйлерді казарма ретінде пайдаланып жатқанын хабарлады. Израиль әскерилері өз мақсатын «тұрғындарды қорғау» деп мәлімдеді.

Израиль өкілі қоныстанушылардың әрекеттері «айыптауға лайық» және «қабылданбайтын» екенін, үкімет тергеу жүргізіп, кінәлілерді қамауға алатынын мәлімдеді.

«Израиль армиясы бұған қарсы шаралар қабылдап жатыр, біз тергеу жүргізіп, кінәлілерді тұтқындаймыз және жауапқа тартамыз», – деді Давид Менсер.

«Қазіргі израильдік үкімет тұсында қоныстардың жедел кеңеюі қоныстанушыларға батылдық берді.  Бұл палестиналықтарды өз жерлерінен ығыстыруға тырысқан қоныстанушылардың зорлық-зомбылығының күрт өсуіне әкеп соқты», – деп бағалады ВВС.

Халықаралық құқық бойынша барлық қоныс заңсыз саналады.

Айта кететін жайт. Палестинаның ХАМАС тобы жиырма жылға жуық Газа секторын басқарған үкіметін таратынын мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз