KASE қатарынан екінші күн тарихи максимумын жаңартты

Жарияланды 14 Тамыз 2026 08:50

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Қор нарығы жандана түсті / фото: ЖИ көмегімен жасалды

13 тамыздағы қорытынды бойынша KASE индексі қатарынан екінші күн тарихи максимумын жаңартып, 8 101,99 пунктке жетті. Бір күнде индекс 57,14 пунктке немесе 0,71%-ға өсті. Сауда барысында индекс 8 167,18 пунктке дейін көтерілген, деп жазады Kursiv.Media.

Күннің айқын көшбасшысы – Kaspi.kz. Компания акциясының жабылу бағасы 46 545 теңгеден 48 300 теңгеге көтеріліп, Close-to-Close есептеуде 3,77% өсті. Halyk Bank акциялары да айтарлықтай нығайып, 1,79% қымбаттады.

KASE: күн қорытындысы
13 тамыз 2026 жыл
Компания
Жабылу бағасы
Өзгеріс
Kaspi.kz
KSPI Kaspi.kz
48 300,00 ₸
+3,77%
өсті
Halyk Bank
HSBK Halyk Bank
402,01 ₸
+1,79%
өсті
ҚазТрансОйл
KZTO ҚазТрансОйл
1 127,78 ₸
+0,33%
өсті
KEGOC
KEGC KEGOC
1 453,99 ₸
+0,28%
өсті
Банк ЦентрКредит
CCBN Банк ЦентрКредит
4 856,99 ₸
+0,14%
өсті
ҚазМұнайГаз
KMGZ ҚазМұнайГаз
34 750,01 ₸
−0,01%
түсті
Қазақтелеком
KZTK Қазақтелеком
44 194,15 ₸
−0,13%
түсті
Air Astana
AIRA Air Astana
698,08 ₸
−0,13%
түсті
Kcell
KCEL Kcell
3 206,06 ₸
−0,15%
түсті
Қазатомөнеркәсіп
KZAP Қазатомөнеркәсіп
33 860,00 ₸
−0,41%
түсті
KASE
KASE индексі тарихи максимум
8 101,99
+0,71%
Дереккөз: Қазақстан қор биржасы (KASE) · 13 тамыз 2026 жыл
Инфографика: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Өсім жағында «ҚазТрансОйл» +0,33%, KEGOC +0,28%, Банк ЦентрКредит +0,14% нәтиже көрсетті. Ал ҚазМұнайГаз акциясының өзгерісі небәрі −0,01% болды. Бұл пайыздар KASE жариялаған 13 және 12 тамыздағы жабылу бағалары негізінде Close-to-Close әдісімен есептелді.

Күннің ең әлсіз нәтижесі Қазатомөнеркәсіпке тиесілі: акция 33 999 теңгеден 33 860 теңгеге түсіп, 0,41% арзандады. Kcell −0,15%, Air Astana мен Қазақтелеком шамамен −0,13%-дан төмендеді.

Сондай-ақ оқыңыз