KEGOC: Гидрогенераторлар алдымен Қырғызстаннан бастап өшті

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
KEGOC: Гидрогенераторлар Қырғызстанан бастап өшті / Фото: Кегок

«KEGOC» АҚ Қазақстандағы электрмен жабдықтаудың жаппай өшуінің хронологиясын қалпына келтірді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

14 тамызда сағат 14:37-де Қырғызстандағы Тоқтоғұл су электр станциясында екі гидрогенератор өшіп, бұл Қазақстан БЭЖ «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» транзитінің шамадан тыс жүктелуіне және Оңтүстік аймақтың Қазақстан БЭЖ-ден әрі Орталық Азия БЭЖ (Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан) энергожүйелерінен бөлініп кетуіне әкеп соқты.

Нәтижесінде Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Жетісу облыстарындағы, сондай-ақ Қазақстан БЭЖ-нің Солтүстік аймағындағы Қарағанды, Ұлытау, Абай облыстарындағы тұтынушылар электр жарығынан ажыратылды.

Сағат 14:47-де KEGOC Қарағанды, Ұлытау, Абай облыстарындағы тұтынушыларды электрмен жабдықтауды толықтай қалпына келтірді, сағат 16:26-да – Алматы және Жетісу облыстарында, ал 16:34-те – Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында қалпына келтірді.

«Технологиялық бұзылудың себептерін арнайы комиссия тексереді», – делінген KEGOC мәлімдемесінде.

Электр энергиясының жаппай өшуі, сондай-ақ, Қырғызстанда, Тәжікстанда және Өзбекстанда да тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыз