Метро тоқтады, су қысымы азайып, бағдаршам істен шықты – Алматыдағы блэкаут салдары

Жарияланды
Қазақ редакциясының шеф-редакторы
фото: shutterstock, бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев

Алматыдағы жарықтың сөнуінен пайда болған блэкаут салдары белгілі болды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Алматы әкімдігі қазіргі уақытта барлық қалалық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

Метрополитен

Электрмен жабдықтаудың өшуіне байланысты метрополитен жұмысы уақытша тоқтатылды. Жұмысының қайта басталуы туралы қосымша хабарланады.

Медициналық ұйымдар

Стационарлар мен басқа да медициналық ұйымдар жұмысын үздіксіз қызмет жоспарларына сәйкес жалғастыроып жатыр. Медициналық мекемелер резервтік электр көздеріне қосылған.

Сумен жабдықтау

Электр энергиясының өшуіне байланысты кейбір аудандарда су қысымының уақытша төмендеуі мен су беруде іркілістер болуы мүмкін, әсіресе ғимараттардың жоғарғы қабаттарында. Бұл жабдықтары электрмен істейтін сорғы станцияларының уақытша тоқтауына байланысты.

Бағдаршамдар

фото: Делия Айдаралиева

Жұмысы электр желілерінен қамтамасыз етілетін кейбір бағдаршам нысандары өшіп қалды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жол полициясының қызметкерлері бағдаршамдар уақытша жұмыс істемейтін учаскелерде жол қозғалысын ұйымдастыру және реттеу бойынша қажетті шараларды жүзеге асырып жатыр.

2026 жылғы 14 тамыз сағат 14:38-де Алматы мен Алматы облысының тұрғындары жарықсыз қалды. Энергетика министрлігінің мәліметінше, электр қуатының жаппай өшуіне Орталық Азияның энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясы ауысымының күрт өзгеруі себеп болған. 

Сондай-ақ оқыңыз