НАТО жойғыш ұшақтары Латвияға Ресейден кірген дронды атып түсірді
Жарияланды

Латвияда НАТО жойғыш ұшақтары таңертең ерте шекарадан өтіп кеткен дронды атып түсірді.
Interfax ақпаратына қарағанда, бұл туралы Латвияның Ұлттық қарулы күштері хабарлаған, деп жазады Kursiv.Media.
«Дрон Балви өлкесінің Ругаи аумағында үлкен биіктікте атып түсірілді», — деді ҰҚК Біріккен штабының өкілі Ивета Берзиня.
Әскерилердің пікірінше, дрон Латвияның әуе кеңістігіне Ресейдің «радиоэлектрондық әуе қорғанысы құралдарының әсерінен» кірген.
Әуе кеңістігіне ену қаупіне байланысты НАТО-ның әуе қорғанысы миссиясының жойғыш ұшақтары әуеге көтерілді. Қауіп туралы хабарлама Латвияның бірқатар өңіріне таратылды.
НАТО Анкарадағы саммит аясында ірі қорғаныс келісімдерін жариялады. Келісімдердің жалпы құны ондаған миллиард долларға жетуі мүмкін.