Ұлытау облысында 1 млрд теңгенің марганецін заңсыз өндіргендер ұсталды

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Ұлытау облысында марганецті заңсыз өндіргендер ұсталды
Ұлытау облысында марганецті заңсыз өндіргендер ұсталды / Фото: shutterstock,

Ұлытау облысында марганец кенін заңсыз өндіріп, өңдеумен айналысқан топ құрықталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Kursiv.Media.

Агенттік мәліметінше, күдіктілер пайдаланудан шыққан карьерді рекультивациялау жұмыстарын жүргізіп жатқан кейіп танытқан. Оқиға орнында ауыр карьер техникасы мен ұсату-жуу жабдықтары қолданылған толыққанды тау-кен байыту кешені іске қосылған.

«Өндірілген кен тауарлық концентратқа өңделіп, теміржол арқылы шекаралас мемлекеттерге экспортқа жөнелтіліп отырған. Шикізатты жүйелі түрде тиеп-жөнелту үшін күдіктілер теміржол тұйығын жалға алған«, – деа хабарлады агенттік.

Тергеу дерегінше, өткізілген өнім көлемі 23 мың тоннадан асып, оның құны 1 млрд теңгеден көп болған.

Заңсыз әрекет салдарынан қоршаған ортаға залал келтірілген. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру құны 150 млн теңгеден асады.

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз