Зілзаладан зардап шеккен Колумбияда жүздеген адам табылмай жатыр

7,4 балдық зілзаладан қатты зардап шеккен Колумбия үкіметінің мәліметінше, апаттан 281 адам қаза тапты. 379 адам із-түссіз жоғалды. Құтқарушылар күдер үзе бастады.
Латын Америкасындағы қуатты жер сілкінісі 10 тамызда таңертең болған. Содан бері төрт күн өтсе де, зілзаладан қатты зардап шеккен қалаларда жүздеген адам әлі табылмай жатыр. Үкімет өкілдері де соны ескертіп отыр.
«Өкінішке қарай, біз тірі қалғандарды табу ықтималдығы азаятын нүктеге жақындап келе жатырмыз, бірақ біздің миссиямыз — іздеуді жалғастыру және хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде бар адамдардың барлығын табу», – деп мәлімдеді бейсенбі күні кешке Колумбияның Табиғи апаттар қауіп-қатерін басқару жөніндегі ұлттық басқармасының басшысы Давид Тамайо. Оның сөздерін Reuters таратты.
Үкімет зілзаладан елде 10 мыңнан үй қирады деп есептеді. Дүйсенбідегі қатты дүмпуден бері Колумбияда 150-ден астам афтершок тіркелген.