Марқұм Ұлдана Мырзуанның анасы шындықты айтты

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің журналисі
фото: instagram

Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның өлімінен кейін қоғамда түрлі сұрақтар көбейген еді. Журналист Руслан Өтепбайға сұхбат берген Ұлдананың анасы қызының қазасынан кейін орын алған күмәнді жағдайлар мен күйеу баласы Әділеттің әрекеттері туралы айтты, деп жазады Kursiv.Media.

Құдағидың қоңырауы

Анасының айтуынша, оқиға ақпан айында құдағиының кенеттен телефон соғуынан басталған. Құдағиы марқұм Ұлдананың метрикасын сұрап, банкте төленбеген несие бар екенін айтқан.

«Маған құдағиым хабарласып, банкке иемденген несие төлеу керектігін айтты. Сосын маған ‘отказной’ (мұрадан немесе құқықтан бас тарту) жазып бересіз бе деп сұрады. Мен бұл сұраққа таңғалдым,» – дейді марқұмның анасы.

Құдағиы айтқанынан кейін анасы заңгердің көмегімен банкке барып, қызының атындағы қаржылық міндеттемелерді тексерген.

Тексеру нәтижесінде Ұлдананың атында ешқандай несие немесе қарыз жоқ екені белгілі болған. Оның есепшоттары 21 қарашада толықтай жабылған. Банк менеджері қызының аты таза екенін ресми түрде растаған.

Жауапсыз қалған сұрақтар

Анасы бұл жағдайдан кейін күйеу баласы Әділетке хабарласып, «Банкте кредит жоқ екенін біле тұра, неге анаң арқылы «отказной» сұраттың? Мұраға иелік еткің келсе, неге ашық айтпайсың?» деп сұрақ қойған. Алайда бұл сұрақтарға ешқандай нақты жауап ала алмаған.

Сонымен қатар марқұм Ұлдана қайтыс болғаннан кейін 8 ай өтер-өтпестен күйеуінің өзге қызға үйленіп кетуі де анасының қабырғасын қайыстырып, артында көптеген күмән мен сұрақ қалдырды. Анасы бұл әрекеттердің артында мұраға иелік ету немесе басқа да қаржылық мүдде жатқанын әлі де түсіне алмай отырғандарын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыз