Дастан Сәтбаев дебют жасауы мүмкін: «Бернли» – «Вест Хэм» матчын қайдан көруге болады

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің журналисі
Дастан Сәтбаев «Бернли» сапында дебют жасауы мүмкін / фото: burnleyfootballclub.com

Жексенбі, 16 тамыз күні Англия Чемпионшиптің бірінші туры аясында «Бернли» өз алаңында «Вест Хэмді» қабылдайды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Бұл ойында алаң иелері сапында Қазақстан ұлттық құрамасының 18 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтбаев алғаш рет жасыл алаңға шығуы мүмкін. Қазақстандық футболшы «Бернлиге» «Челсиден» маусымның соңына дейін жалға ауысқан еді. 2026/2027 жылғы маусым аясындағы бұл ойын Сәтбаев үшін жаңа клубындағы ресми қадам болмақ.

«Бернли» – «Вест Хэм» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады. Ойынды тікелей эфирден сілтеме арқылы көруге болады.

Өткен маусымда қос ұжым да Ағылшын Премьер-лигасында өнер көрсеткенімен, элитадағы орнын сақтап қала алмады. Маусым қорытындысы бойынша «Вест Хэм» 18-орынға, ал «Бернли» 19-орынға табан тіреп, Чемпионшипке түсіп қалды.

Қос ұжым бір-бірімен соңғы рет биылғы ақпан айында кездесіп, «Вест Хэм» сырт алаңда 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді.

Сондай-ақ оқыңыз