Ислам Махачев Иэн Гэрриді жеңіп, UFC рекордын жаңартты

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің журналисі
Ислам Махачев, Иэн Гэрри, UFC, UFC 330

Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Ислам Махачев Филадельфияда өткен UFC 330 турнирінде ирландиялық Иэн Мачадо Гэрриді жеңді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Бұл кездесу кештің басты жекпе-жегі болды. Махачев жартылай орта салмақтағы (77,1 келіге дейін) чемпиондық белбеуін алғаш рет қорғады.

Жекпе-жек толық бес раундқа созылды. Екінші раундта ресейлік спортшы қарсыласын нокдаунға түсірді. Кездесу қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен (49:46, 49:46, 48:47) Махачев жеңіске жетті.

34 жастағы спортшы қатарынан 17-ші жекпе-жегінде жеңіске жетіп, рекорд орнатты. Бұған дейінгі рекорд 16 жеңіспен бразилиялық Андерсон Силваға тиесілі болатын.

Қазіргі уақытта Махачевтің кәсіпқой ММА-дағы еншісінде 29 жеңіс пен 1 жеңіліс бар. Бұған дейін ол жеңіл салмақта (70,3 келіге дейін) UFC чемпионы болған.

28 жастағы ирландиялық Иэн Мачадо Гэрри бұл мансабындағы екінші жеңілісіне ұшырады. Бірінші жеңілісті қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмоновтан көрген еді.

Сондай-ақ оқыңыз