Жүсіп Ақшора «Халықтың сүйікті әртісі» медалімен марапатталды

Жарияланды 16 Тамыз 2026 10:30

(жаңартылды 17 Тамыз 2026 10:08)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
Фото: instagram: Intelligentno Qu

Қазақ әзіл-оспақ өнерінің ардагері, танымал актер Жүсіп Ақшора «Халықтың сүйікті әртісі» медалімен марапатталды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Алайда бұл медальді мемлекет емес, «Intelligentno Qu» жобасы аясында жас әзілкештер мен қазақша контент өкілдері ұйымдастырды. Олар аға буын әртістің отандық әзіл-сықақ пен сахна өнеріне қосқан зор үлесін жоғары бағалап, халықтың атынан өздері арнайы дайындаған медаль, куәлік және дәстүрге сай ақ шапанын жапты.

Жүсіп Ақшора жас әзілкештердің марапатына ырзашылығын білдіріп, өнердегі сабақтастық пен құрметтің маңыздылығын атап өтті.

Айта кетейік, Жүсіп Ақшора –«Шаншар» әзіл-оспақ театрларындағы образдарымен көрермен жадында қалған дарынды әртіс. Халыққа сыйлаған күлкісі мен кейіпкерлері қазақ сахнасының алтын қорына айналды.

Сондай-ақ оқыңыз