18 тамызға арналған валюта бағамы: доллар 460 теңгеге дейін түсті

Жарияланды 17 Тамыз 2026 17:18

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Доллар бағасы төмендеді / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Теңге жаңа аптаны айтарлықтай нығаюмен бастады. 17 тамыздағы KASE саудасының қорытындысы бойынша доллар бағамы 461 теңге маңына дейін төмендеді. Бұл соңғы айлардағы теңгенің ең күшті деңгейлерінің бірі.

Қазақстан Ұлттық банкінің 18 тамызға арналған ресми доллар бағамы 461,39 теңге болады. Себебі ҰБ келесі жұмыс күніне арналған ресми USD/KZT бағамын KASE-дегі сағат 15:30-да қалыптасқан USDKZT_TOM орташа сараланған бағамы негізінде белгілейді. 17 тамызда бұл көрсеткіш 461,39 теңгені құрады.

Салыстыру үшін, 17 тамызға арналған Ұлттық банктің ресми бағамы 464,02 теңге болған. Осылайша бір күнде ресми доллар бағамы 2,63 теңгеге төмендейді.

АЛМАТЫДАҒЫ БАҒАМ

Валюта айырбастау бағамы

Онлайн
Валюта Сатып алу Сату
$ USD АҚШ доллары
461,5
464,1
EUR Еуро
531,5
536,5
RUB Ресей рублі
5,17
5,29
¥ CNY Қытай юані
68,7
71,1
НАРЫҚТАҒЫ БАҒАМ

Биржадағы доллар бағамы

USD/KZT
USD/KZT · нарықтағы соңғы қолжетімді баға
Инфографика: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Биржада теңгенің нығаюы одан да анық байқалды. KASE мәліметінше, 17 тамыздағы USDKZT_TOD саудасында доллардың ең төменгі бағасы 460,81 теңгеге дейін түсті. Соңғы мәміле де осы бағамен жасалған, ал күндізгі орташа сараланған бағам 461,20 теңге болды.

Бұл сәуірдің соңындағы деңгейлермен шамалас. Мәселен, 29 сәуірде KASE-дегі сағат 15:30-дағы орташа сараланған доллар бағамы 461,55 теңге болған еді.

Ал Алматыдағы айырбастау пункттерінде 17 тамыз күні кешкі сағат 17:02-де долларды орта есеппен 461,5 теңгеден сатып алып, 464,1 теңгеден сатқан. Еуро – 531,5/536,5 теңге, Ресей рублі – 5,17/5,29 теңге, Қытай юані – 68,7/71,1 теңге деңгейінде болды.

Осылайша биржада доллар 461 теңге шегіне түскенімен, қолма-қол нарықта америкалық валютаның сату бағасы әзірге 464 теңге маңында қалып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз