Абай облысының екі ауданында дала өртеніп жатыр
Жарияланды

Абай облысында дала өрттерін сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалын Көкпекті және Ақсуат аудандарын шарпыған.
112.kz ақпаратына қарағанда, өрт сөндіруге әскерилер де тартылған.
«Оқиға орнында ТЖМ, «Ауыл құтқарушылары», жергілікті атқарушы органдар мен ТЖМ-нің 68303 әскери бөлімінің күштері мен құралдары жұмыс істеп жатыр. Дала өртін сөндіруге ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағы жұмылдырылды», – делінген хабарламада.
ТЖМ мәліметінше, қазіргі уақытқа дейін тікұшақ 16 рет су төккен. Жалпы көлемі 48 тонна су пайдаланылып отыр. Өртті жою жұмыстары жалғасып жатыр. Жағдай ТЖМ бақылауында.
Айта кететін жайт, дала өрті Қарағанды облысында да болып жатыр. Қарқаралы ауданындағы Жаңатоған ауылы тұрғындары арасында алаңдаушылық күшейді.