Алматының Алатау ауданында өрт жеке үйлерге жақындап қалды

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің журналисі
«Алматының Алатау ауданында жырадағы өрт жеке үйлерге жақындап қалды / Фото: ТЖМ

Алматының Алатау ауданында жеке тұрғын үйлердің маңындағы жырада қураған шөп өртенді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сүйенсек, «112» пультіне Османов көшесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

«Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында өрттің сегіз жеке тұрғын үй мен алты шаруашылық құрылысына жетуіне жол берілмеді», – делінген хабарламада.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, үйлер өрттен аман қалды.

Айта кетейік, осыған дейін Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Жаңатоған ауылы маңындағы өртке қатысты әлеуметтік желіде тұрғындардың алаңдаушылығы күшейгенін жазған едік.

Өрттен екі ер адам зардап шеккен. Ресми органдардың мәліметінше, өрттен зардап шеккен екі адамның денесінің 10 және 20 пайызы күйген. Алайда бұл ақпарат тұрғындардың әлеуметтік желідегі жазбаларында айтылған мәліметтермен сәйкес келмейді.

Сондай-ақ оқыңыз