Ақтөбе облысында төрт баланы жылан шақты

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
змея
Фото: pixabay.com

Ақтөбе облысында соңғы бір айда төрт баланы жылан шағып алған. Екі жағдай Ақтөбеде, тағы екі жағдай Хромтауда тіркеліп отыр.

24KZ хабарлауынша, өңірдің Төтенше жағдайлар департаментінде жыландар биік шөптің, тастардың және құрылыс материалдарының арасында жасырынуы мүмкін екенін ескертті. Құтқарушылар ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауға және жыланға жақындауға немесе оны ұстап көруге болмайтынын түсіндіруге кеңес береді.

«Қалың шөпке, бұта арасына, тастардың немесе ағаштардың астына қол сұқпауын ескертіңіз. Табиғатқа шыққанда жабық аяқ киім және ұзын шалбар кигізіңіз. Балалар ойнайтын аумақты үнемі қарап, қалың шөпті уақытылы шабыңыз. Шатыр, төсек-орын, киім және аяқ киімді пайдаланар алдында тексеріңіз», – деп ескертеді мамандар.

Табиғатта жүргенде баланы қараусыз қалдырмаған жөн. Егер жылан шақса, тыныштық сақтап, тез арада медициналық көмекке жүгіну қажет.

Айта кететін жайт, 6 шілдеде Көлсайда 16 жастағы қызды жылан шағып алған еді.

Сондай-ақ оқыңыз