Астанада мектеп салу үшін алынатын жер учаскелерінің тізімі жарияланды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
құрылыс
Астанада мектеп салу үшін алынатын жер учаскелерінің тізімі жарияланды / фото: shutterstock

Астанада мектеп салу үшін алу жоспарланған 400-ден астам жер учаскесінің тізбесі бекітілді. Меншік иелері жарияланған тізімнен мекенжайлар мен кадастрлық нөмірлерді тексере алады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Әкімдік қаулысында атап өтілгендей, учаскелер Алматы ауданында, А.Тоқпанов көшесінің ауданында, «Южный» және «Рассвет» гараж кооперативтерінің аумағында орналасқан. Бұл учаскелердің жалпы ауданы 3,9422 га құрайды. Оның ішінде 0,4032 га абаттандыруға арналған.

Жерді «Мектеп» нысаны бойынша іздестіру және жобалау жұмыстарын жүргізу үшін алып қою жоспарлануда.

Мемлекет муқтаждығы үшін иеліктен шығару, оның ішінде сатып алу жолымен, 2026 жылғы 7 қыркүйектен 2027 жылғы 7 қыркүйекке дейін жүргізіледі.

Әкімдік, сондай-ақ, сотқа дейінгі реттеу мүмкіндігі де қарастырады. Хабарламаны алғаннан кейін жер иелері мен жер пайдаланушылар 15 күнтізбелік күн ішінде келісу процедураларын жүргізу үшін әкімдікке жүгіне алады.

Алуға жататын жер учаскелерінің тізімін сілтемеден көре аласыз.

Сондай-ақ оқыңыз