Елде жеті айда 9,1 мың тонна шай және кофе өндірілді

2026 жылғы қаңтар-шілде айларында Қазақстанда 9 143 тонна шай және кофе өндірілді, оның ішінде 3 829 тоннасы шайға тиесілі. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады, деп жазады Kursiv.Media.
Шай өндірісінің негізгі үлесі, яғни 92,1 пайызы (3 528 тонна) Алматы қаласына тиесілі. Алматы қаласы өңірлер арасында көш бастап тұр.
Импорттың үлесіне сергіткіш сусынның 74,1%-ы тиесілі, елге шай өнімінің 18,3 мың тоннасы әкелінді. Алты ай ішінде 3,9 мың тонна шай мен кофе экспортқа шығарылды.
Ішкі нарықта барлығы 20,8 мың тонна өнім өткізілді.
Жалпы, шай тұтыну көлемі бір адамға айына орта есеппен шамамен 100 грамды құрайды.
Шайды негізгі жеткізуші елдер қатарында Кения бар, оның үлесіне импортталған өнімнің 27,2%-ы тиесілі.
Сондай-ақ шай Үндістан, Ресей, Италия және Қытайдан әкелінеді.
Жыл басында Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті кейбір шай брендтерін елге әкеліп, сатуға тыйым салған еді. Оның ішінде «Апамның шәйі Premium gold», «Al-Hayat» Golg, «БАЛҚИЯ Premium gold» тәрізді брендтер болған. Кейін Бас санитар дәрігер Al-Hayat шайын ішуге рұқсат берді.