Халықтың депозитте жинаған ақшасы бір жылда 4,5 трлн теңгеге өскен

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Халықтың депозитінде қанша ақша бар / Фото: shutterstock

Екінші деңгейле банктер мен депозиттік ұйымдардағы депозит көлемі 50,9 трлн теңгеге жетті. Шілде айында халық депозитін 458 млрд теңгеге толықтырып, 28,4 трлн теңгеге жеткізсе, компаниялардың депозитте сақтаған ақшасы 22,5 трлн теңгені құрды. Компаниялардың есепшотындағы қаржы бір айда 460 млрд теңгеге артқан.

Ал 2025 жылдың шілде айымен салыстырсақ, былтыр жалпы депозит көлемі 42,4 трлн теңге болған. Бір жылда жеке және заңды тұлғалардың депозиттегі қаржысы 8,5 трлн теңгеге өскен.

Соның ішінде – 23,9 трд теңгесі халықтың депозитте жинаған ақшасы. Яғни бір жылда 4,5 трлн теңгеге өскен.

Ал түрлі компаниялардың депозит қаржысы 18,5 трлн теңгеден 22,5 трлн теңгеге жеткен.

Халық та, компаниялар да депозиттегі ақшасын теңгеде сақтайды. Жалпы депозитте жинақталған қаржының 41,2 трлн теңгесі – ұлттық валютада сақталса, 9,7 трлн теңгесі – шетел валютасында жинақталған.

Халықтың жинаған ақшасының 96%-ға жуығы негізгі он ірі қаржы институтында шоғырланған. Halyk Bank пен Kaspi Bank көш басында тұр. Halyk Bank-тегі депозиттерде жеке тұлғалардың 7,9 трлн теңгесі жинақталса, Kaspi Bank-тегі шоттарда 7,3 трлн теңге жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз