KASE индексі аптаны өсіммен аяқтады: қай акциялар көш бастады

Жарияланды 17 Тамыз 2026 09:00

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Қор нарығы аптаны өсіммен жапты / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

10–14 тамыз аралығында KASE индексі аптаны айқын плюспен аяқтады. Толық апталық Close-to-Close есептеуде индекс 7 897,11 пункттен 8 039,86 пунктке көтеріліп, 1,81% өсті. Апта басында индекс құрамындағы 10 акцияның тізімі өзгеріссіз қалды.

Аптаның абсолютті көшбасшысы – Kaspi.kz. KSPI акциясының жабылу бағасы 42 499,98 теңгеден 46 100 теңгеге дейін көтерілді. Бір апталық өсім 8,47% болды.

Екінші орында Halyk Bank тұр: акциялары бір аптада 3,47% қымбаттап, 403,50 теңгеге жетті. «Қазатомөнеркәсіп» қағаздары 2,48%, «ҚазТрансОйл» акциялары 1,44% өсті.

KASE: апта қорытындысы
10–14 тамыз 2026 жыл
Апталық өзгеріс: 7.08 Close → 14.08 Close
Компания
7 тамыз
14 тамыз
Апта
KSPI Kaspi.kz
42 499,98 ₸
46 100,00 ₸
+8,47%
өсті
HSBK Halyk Bank
389,97 ₸
403,50 ₸
+3,47%
өсті
KZAP Қазатомөнеркәсіп
32 611,00 ₸
33 420,00 ₸
+2,48%
өсті
KZTO ҚазТрансОйл
1 111,00 ₸
1 126,95 ₸
+1,44%
өсті
KEGC KEGOC
1 455,80 ₸
1 464,47 ₸
+0,60%
өсті
CCBN Bank CenterCredit
4 831,90 ₸
4 850,00 ₸
+0,37%
өсті
KMGZ ҚазМұнайГаз
34 692,00 ₸
34 800,00 ₸
+0,31%
өсті
AIRA Air Astana
699,79 ₸
698,60 ₸
−0,17%
түсті
KZTK Қазақтелеком
44 660,64 ₸
44 150,01 ₸
−1,14%
түсті
KCEL Kcell
3 249,16 ₸
3 202,02 ₸
−1,45%
түсті
KASE
KASE индексі апта қорытындысы
7 897,11
8 039,86
+1,81%

KEGOC бір аптада 0,60%, Bank CenterCredit 0,37%, «ҚазМұнайГаз» 0,31% қымбаттады. Осылайша KASE индексіне кіретін 10 акцияның жетеуі аптаны өсіммен аяқтады.

Минус аймақта үш компания қалды. Ең үлкен төмендеу Kcell акцияларында байқалды — бір аптада 1,45% арзандап, 3 202,02 теңгеге түсті. «Қазақтелеком» 1,14%, Air Astana 0,17% төмендеді.

Жалпы аптаның негізгі драйвері Kaspi.kz болды. Компания акцияларының 8%-дан астам өсуі, Halyk Bank пен «Қазатомөнеркәсіптің» нығаюы KASE индексінің апталық өсіміне айтарлықтай қолдау көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыз