KASE индексі: Halyk Bank қымбаттап, KEGOC арзандады

Жарияланды 18 Тамыз 2026 07:37

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Қор нарығында Кегок акциялары төмендеді / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

17 тамыздағы сауда қорытындысында KASE индексі 0,11% өсіп, 8 049,07 пунктке жетті. Жұма күнгі сауданың жабылу кезінде индекс 8 039,86 пункт болған, яғни дүйсенбіде 9,21 пункт қосты. KASE-нің қазіргі өкілдік тізімінде 10 акция бар және 5 тамыздан бері оның құрамы өзгерген жоқ.

KASE: күн қорытындысы
17 тамыз 2026 жыл
Компания
Жабылу бағасы
Өзгеріс
Halyk Bank
HSBK Halyk Bank
406,99 ₸
+0,86%
өсті
Air Astana
AIRA Air Astana
701,00 ₸
+0,34%
өсті
Қазақтелеком
KZTK Қазақтелеком
44 276,40 ₸
+0,29%
өсті
Kcell
KCEL Kcell
3 210,67 ₸
+0,27%
өсті
Банк ЦентрКредит
CCBN Банк ЦентрКредит
4 860,42 ₸
+0,21%
өсті
ҚазМұнайГаз
KMGZ ҚазМұнайГаз
34 850,11 ₸
+0,14%
өсті
Қазатомөнеркәсіп
KZAP Қазатомөнеркәсіп
33 400,01 ₸
−0,06%
түсті
Kaspi.kz
KSPI Kaspi.kz
46 040,05 ₸
−0,13%
түсті
ҚазТрансОйл
KZTO ҚазТрансОйл
1 120,11 ₸
−0,61%
түсті
KEGOC
KEGC KEGOC
1 432,00 ₸
−2,22%
түсті
KASE
KASE индексі күн қорытындысы
8 049,07
+0,11%
Дереккөз: Қазақстан қор биржасы (KASE) · 17 тамыз 2026 жыл
Инфографика: Нұрсұлтан Ерболатұлы

17 тамыз күнгі сауда-саттық көшбасшысы – Halyk Bank. HSBK акциясының жабылу бағасы 403,50 теңгеден 406,99 теңгеге көтерілді. Close-to-Close есептеуде өсім 0,86% құрады. Air Astana акциялары +0,34%, Қазақтелеком +0,29%, Kcell +0,27% қымбаттады.

«Банк ЦентрКредит» акциясы 4 850 теңгеден 4 860,42 теңгеге көтеріліп, 0,21% қосты. «ҚазМұнайГаздың» жабылу бағасы 34 800 теңгеден 34 850,11 теңгеге жетіп, 0,14% өсті. Осылайша индекстегі он акцияның алтауы күнді өсіммен аяқтады.

Минус аймақта Қазатомөнеркәсіп −0,06%, Kaspi.kz −0,13% және ҚазТрансОйл −0,61% болды. Kaspi.kz акциясының жабылу бағасы 46 100 теңгеден 46 040,05 теңгеге, ал ҚазТрансОйл 1 126,95 теңгеден 1 120,11 теңгеге түсті.

Бұл күнгі саудада KEGOC акциялары арзандады Оның жабылу бағасы жұмадағы 1 464,47 теңгеден 1 432 теңгеге дейін түсіп, 2,22% кеміді. Соған қарамастан Halyk Bank бастаған бірқатар ірі акциялардың өсімі KASE индексіне күнді плюспен аяқтауға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ оқыңыз