Криштиану Роналду футболдағы соңғы маусымын өткізетінін мәлімдеді

Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубының шабуылшысы, «Алтын доптың» бес дүркін иегері Криштиану Роналду жақын арада кәсіби спортпен қоштасатынын айтты. Роналду бұл туралы Vogue журналына берген сұхбатында мәлімдеді.
Роналду 25 жылдық карьерасында футболға бар күш-жігерін арнағанын және енді артында жарқын мұра қалдырып, бұл кезеңді аяқтағысы келетінін жеткізді.
«Бұл менің футболдағы соңғы жылым болуы мүмкін, сондықтан артымда үлкен мұра қалдырғым келеді. Болашағымды қазірдің өзінде жоспарлап қойдым. Көбірек саяхаттау, өзіме ұнайтын паделді ойнау, қол жеткізген жетістіктеріміздің рахатын көріп отбасыма көңіл бөлсем деймін», – деді спортшы.
Сондай-ақ, Роналду спорттан кеткеннен кейінгі өмірін толықтай жоспарлап қойғанын және бұл өзгеріске дайын екенін атап өтті.
Еске сала кетейік, Роналду жақында сүйіктісі Джорджинамен некесін қиып, желіде салтанатты іс-шарадан алғашқы видеолар тараған еді.