Маңғыстау әкімі «Қазақстан барысына» Tiggo 8 автокөлігін сыйға тартты

Маңғыстау халқы «Қазақстан Барысы» атанған Жантілек Нұртілепұлын әуежайда салтанатпен күтіп алды. Облыс әкімі жеңімпазға Tiggo 8 қытай автокөлігін сыйлады.
Чемпионда қарсы алу үшін Ақтау халықаралық әуежайына көп адам жиналды. Олардың арасында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай да жүр.
«Бұл – Маңғыстау үшін тарихи жеңіс. Жантілек Нұртілепұлы өңір тарихында тұңғыш рет «Қазақстан Барысы» атағын жеңіп алып, Маңғыстау қазақ күресін республикалық деңгейдегі беделді бәсекенің ең биік тұғырына көтерді», – деп хабарлады өңір әкімдігі.
Жантілек Нұртілепұлы елордада өткен жарыстың финалында жамбылдық Ғалымжан Қырықбайдан басым түсті. «Лабақ батыр» лақап атымен сынға түскен Жантілекті президент құттықтады.
Маңғыстау жұртшылығы «Қазақстан барысына» автокөлік табыстады. Жеңімпаздың жеке бапкері Қайрат Иманғазиевке де автокөлік берілді.
2026 жылғы шілденің аяғында «Қазақстан барысы» атанған палуан Аягөз ауданының әкімі қызметіне кіріскен.