Трамп Оманға соққы жасау жоспары барын айтып сес көрсетті

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің журналисі
трамп https://www.shutterstock.com/
Трамп Оманға соққы жасау жоспарымен сес көрсетті / Фото: shutterstock

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның тиісті талаптарды қабылдап, тізе бүгуі керектігін айтты және Оманға соққы беретінін хабарлап, сес көрсетті, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Fox News хабарлауынша, АҚШ пен Иран арасындағы 60 күндік отты тоқтату туралы келісімнің мерзімі 17 тамызда аяқталады. Телеарна эфирінде Трамп Ислам революциясы сақшылар корпусымен бейбіт келіссөздер жүргізуге арналған бейресми арнаның бар екенін растады.

«Олар капитуляцияның ақ байрағын көтеруі керек», – деді АҚШ президенті.

Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Трамп бейбітшілік орнатуға және Иран тарапынан АҚШ-тың басты талабына жол беруге әлі де уақыт бар екенін атап өтті.

«Басты мақсат – Иранның қандай да бір түрде ядролық қаруға ие болмауы және бұл мақсат өзгермейді», – деді ол.

Сонымен қатар Трамптан Иран қатысып жатқан келіссөздердегі Оманның рөлі туралы сұрағанда, ол бұл елге қатысты бұрын-соңды болмаған ескерту жасады.

«Егер Оман біздің жолымызды бөгейтін болса, біз олардың тас-талқанын шығарып, соққы береміз», – деді Трамп.

Reuters ақпаратына сүйенсек, Иран Ормуз бұғазында және одан тыс жерлерде шиеленісті арттыруға дайын. Егер АҚШ бірнеше апта ішінде уақытша бейбіт келісімді толық көлемде орындай алмаса, шабуыл бастамақ.

Егер АҚШ бұл белгіленген мерзімді өткізіп алып, дипломатия тығырыққа тірелсе, Тегеран елді америкалық әскери-теңіз блокадасынан босату үшін «уақтылы әрі дәл» әскери соққы бермек.

Сондай-ақ оқыңыз