Ұлттық банк Жаңа Конституцияға арналған коллекциялық монетаны таныстырды

Жарияланды 17 Тамыз 2026 21:50

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General news бөлімінің журналисі a.tolendi@kursiv.media
Ұлттық банк Жаңа Конституцияға арналған коллекциялық монетаны таныстырды / Фото: Ұлттық банк

Қазақстан Ұлттық банкі еліміздің жаңа Конституциясына арналған «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ» коллекциялық монетасын айналымға шығарады, деп хабарлайды Kursiv.Media Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Монета «Айрықша оқиғалар мен адамдар» сериясына енді. Оны сату 19 тамыздан бастап Ұлттық банктің интернет-дүкені арқылы басталады.

Коллекциялық монета 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына арналған. Жаңа Негізгі заң биыл 1 шілдеден бастап күшіне енді.

Монета 925 сынамалы күмістен жасалып, алтын жалату және интерференциялық кемпірқосақ жабыны технологиясы қолданылған. Оның салмағы – 31,1 грамм, өлшемі – 35×45 мм. Монета сапасы – proof.

Монетаның номиналы – 1 000 теңге. Таралымы 1 мың данамен шектелген.

Коллекциялық монеталар Қазақстанның бүкіл аумағында барлық төлем түрлері бойынша номиналды құнына сәйкес міндетті түрде қабылданады. Оларды ел банктерінде банк шоттарына ақша салу, аударым жасау, ұсақтау және айырбастау үшін де пайдалануға болады.

Сондай-ақ оқыңыз