Zeekr мен Volvo шығаратын Geely биыл 25,7 млрд долларға көлік сатты

Қытайдың ірі Geely Auto холдингі 2026 жылғы алты айда 25,7 млрд долларға көлік сатты. Zeekr, Volvo және басқа да брендтермен өнім шығаратын компания автомобильдері жақсы өтіп жатыр.
17 тамызда Geely Auto қытай компаниясы алты айлық қаржы есебін жариялады. Құжатта көлік саудасы 2025 жылғы көрсеткішке қарағанда 15%-ға артқаны айтылған.
Холдингтің жарты жылдағы таза пайдасы 1,34 млрд доллар болды. Айта кетейік, ақша көп түскенімен, таза пайда былтырғыға қарағанда 2%-ға азайған (2025 жылғы көрсеткіш – 1,37 млрд доллар). Соған қарағанда, Geely көліктерді көбірек сату үшін бағаны түсірген немесе жарнама мен зауыт шығынына көп қаражат бөлген.
Бизнестің нақты таза табысы – 1,43 млрд доллар. Былтыр алғашқы жарты жылда негізгі пайда 982 млн доллар болған еді. Жалпы алғанда, Geely-дің негізгі автокөлік сату бизнесі 46%-ға тиімдірек жұмыс істей бастаған.
Холдинг алты айда 1 млн 423 мың дана көлік сатқан. Көрсіткіш 1%-ға өскен. Салыған көлік саны айтарлықтай өзгермесе де, түсімнің көп болуы оның Zeekr немесе Volvo сияқты қымбат брендтерін көбірек өткізгенін көрсетеді.
Қазір Geely-дің жалпы мүлкі мен активтері 44,6 млрд долларға бағаланады. Оның иелігіндегі зауыттар, технологиялар, қоймадағы көліктер мен банктегі ақшасының жиынтығы жарты жылда 3%-ға өскен.
Geely 2026 жылғы қаңтар-шілде айларында Қазақстанда шамамен 3,8 мың жаңа автокөлік сатқан. Шілдеде 868 Geely сатылған.