Жетісу облысында 5,5 млрд теңгеге заманауи мектеп салынады

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Жетісу облысында 5,5 млрд теңгеге мектеп салынады
Жетісу облысында 5,5 млрд теңгеге мектеп салынады / Фото: shutterstock

Арнаулы мемлекеттік қордан Жетісу облысында жаңа жалпы білім беретін мектеп салуға 5,5 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Kursiv.Media.

Көксу ауданының Балпық би ауылында 600 оқушыға арналған жаңа мектеп салынып жатыр. Жаңа нысанға деген қажеттілік халық санының өсуінен туындап отыр.

Жаңа мектеп балаларға тұрғылықты жеріне жақын жерде заманауи білім беру инфрақұрылымына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Құрылыс 2027 жылдың соңына қарай аяқталады.

Активтерді қайтару бойынша жұмыс шеңберінде 610 млрд теңге сомасына 500-ден астам әлеуметтік жобаға қаржы бөлінді. Қор қаражаты бүкіл ел бойынша білім беру, денсаулық сақтау, спорттық және коммуналдық инфрақұрылым нысандарын салуға және жаңғыртуға бағытталады.

Бұған дейін арнаулы мемлекеттік қордан Астана қаласында заманауи мектеп салу үшін 7 млрд теңге бөлінген еді.

Сондай-ақ оқыңыз