Әлия Назарбаевамен байланысы бар компания басшысына 1,5 млн теңге төлеген
Жарияланды

Әлия Назарбаевамен байланысы бар «Айдала мұнай» компания басшысына 1,5 млн теңге төлеген. Бұл туралы Kursiv.Media қаржы есептілігі депозитарийінде жарияланған хабарламаға сілтеме жасады.
Компанияны 2021 жылдан бері Жания Сандыбай басқарып келеді. Былтырға дейін оның алған сыйақысы 16 млн теңгеден аспаған.
«Айдаламұнай» компаниясы 2024-2025 жылдары 5,3-5,4 млн теңге шығын көрген.
2025 жылдың аудиторлық есебіне сәйкес, компания акцияларының 50%-ы Рустам Досановқа, ал қалған 50%-ы Еркен Джантайлаковқа тиесілі.
Рустам Досанов — Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаеваның қайнысы. Рустамның ағасы. Димаш Досанов — Әлия Назарбаеваның күйеуі.