Ақмола тұрғыны жалған инвестициялық платформада 10 миллион теңге шығынға ұшырады

Қазақстандықтар инвестициялардан тез және жоғары табыс табу туралы уәделерге сеніп, интернет-алаяқтардың құрбаны болып жатыр, деп жазады Kursiv.Media.
Ірі алаяқтықтың кезекті құрбаны Ақмола облысы Сандықтау ауданының тұрғыны болды. Екі айдың ішінде әйел 10,2 млн теңгеден астам шығынға ұшырады.
Оқиға FIBO Markets LTD атты жалған инвестициялық платформаға тіркелуден басталған. Әйел «қаржылық кеңесшілердің» капиталды көбейту сылтауымен нұсқауларын орындап жүрген.
Биыл мамыр-шілде айлары аралығында ол екі несие рәсімдеп, таныстарынан ақша алып, барлық жеке жинақтарын салған. Зардап шегуші алаяқтарға жалпы 10,2 миллион теңгеден астам қаражат аударды.
Бір айдан кейін ғана әйел алаяқтықтың құрбаны болғанын түсініп, полицияға арыз берді.
Полицияның ескертуінше, алаяқтардың нақты инвестициялық қызметтерге ұқсайтын сайттар мен платформалар құруы, жалған құжаттарды қолдануы және азаматтарды инвестицияларды көбейтуге сендіретін «кеңесшілерді» тартуы сирек емес. Ақшаны инвестиция жасамас бұрын компанияның қызметін, ресми тіркеудің және лицензияның болуын мұқият тексеру қажет.
Айта кететін жайт, қаржы кеңесшісін таңдаған кезде мән берілетін критерийлер бар.