Астанада жас қыз көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кетті

Әлеуметтік желілерде Астана қаласындағы Роза Бағланова көшесі маңында жас қыздың көпқабатты үйдің терезесінен секіріп қаза тапқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем мен полиция келгенше, оқиға орнында қыздың мәйіті жатқан, ал жанында курьер тұрған. Әлеуметтік желі қолданушысы қыз курьердің мопедіне құлағанын айтады.
«Жедел жәрдем келер алдында сол жерден өтіп бара жатқан едім. Тек қыздың денесі жатты. Курьер есеңгіреп, қасында тұрды. Шамасы, ол мопедтің үстіне құлаған сияқты», – деп жазады әлеуметтік желіде.
Полиция бұл дерек бойынша суицид фактісімен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, бойжеткен көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен секіріп кеткен. Ол құлағанда алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Сәйкес оқиға 11 тамыз күні Алматы қаласында да тіркелген еді. 17 жастағы қыз терезеден құлап қаза тапты.