Канье Уэст Ресейде концерт береді

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: Reuters

Америкалық рэпер Канье Уэст күзге қарай Ресейде екі бірдей концерт береді. Бұл туралы шараны ұйымдастырушы Say Agency концерттік агенттігі әлеуметтік желілерінде хабарлады, деп жазады Kursiv.Media.

Музыканттың шоулары 10 және 11 қазанда Санкт-Петербургтегі «Газпром Аренада» өтеді. Екі концертке де билеттер сатылымға шықты. Бағасы – 9 000 мен 160 000 рубль аралығында. Санкт-Петербургтегі концерттің афишасында әртіс жарты шар түріндегі сахнада бейнеленген.

Осы жылдың басында Канье Уэст он екінші альбом – Bully-ді қолдау мақсатында Ye Live Concert Tour әлемдік турнесіне шыққан. Осы тур аясында ол АҚШ, Грузия, Түркия және басқа да елдерде өнер көрсетіп үлгерді. 15 тамызда ол Алматыда Орталық стадионда концерт берген.

Канье Уэст – 20-дан астам «Грэмми» сыйлығының иегері. Оның ең танымал альбомдарының қатарында дебюттік The College Dropout (2004), Yeezus (2013), Ye (2018), Donda (2021) және Donda 2 (2022) бар.

Оқи отырыңыз: Канье Уэсттің «парасат майданы»: өз елі даттаған, біз жақтаған жұлдыз

Сондай-ақ оқыңыз