Мәскеуге 620 дрон шабуыл жасады

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
shutterstock, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Мәскеуге түнде украиналық 620 ұшқышсыз ұшу аппараты шабуыл шасаған. Облыс аумағында 180-нен астам дрон атып түсірілген, деп хабарлайды Kursiv.Media DW ақпаратына сілтеме жасап.

Қай аудандар шабуыл астында қалды

Ақпаратқа қарағанда, Мәскеу мұнай өңдеу зауытына (ММӨЗ) жақын орналасқан Котельники қаласындағы «Дюна» тұрғын үй кешені зардап шеккен.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, түнде Ногинск түбінде, Железнодорожный мен Электростальде «көп мөлшерде жарылыс» дауысы естілген. Сондай-ақ Павловский Посад аумағында да ұшқышсыз ұшу аппараттары өте көп болған.

Әзірге екі адамның жарақат алғаны туралы ақпарат бар.

Әуежайларда шектеулер енгізілді

Росавиацияның баспасөз қызметі түнде Telegram арқылы Внуково, Домодедово, Жуковский әуежайларында әуе кемелерін қабылдау мен ұшыруға уақытша шектеулер енгізілгені туралы хабарлады.

Айта кететін жайт, Украина Қара теңізде қазақ мұнайы тиелген танкерлерді атқылауды доғарды.

Сондай-ақ оқыңыз