Оқу жылы алдында 13 мектептің құрылысы әлі бітпеген

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Фото: senate_kz

Алматы, Абай, Ақмола, Батыс Қазақстан және өзге де облыстарда 13 мектеп жаңа оқу жылына әлі дайын емес. Қыркүйекте ашылуы керек болғанмен, құрылысы әлі созылып жатыр. Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов аталған өңір әкімдеріне сын айтып, жұмысты қатаң бақылауды тапсырды, деп жазады Kursiv.Media.

Бектеновтің сөзінше, оқу жылына орай елде жаңа 47 мектеп ашылады. Оның жиырмасы «Келешек мектептері» бағдарламасы аясында салынған. Жоспар бойынша, жыл соңына дейін тағы 64 мектеп бітуі керек. Премьер-министр нысандардағы оқу-техникалық жабдықтау және ұстаздар штатын жасақтау деген мәселені тезірек шешуді тапсырды.

«Бірқатар өңірдегі 13 мектептің құрылысы өте төмен екенін атап өтейін. Ол Алматы қаласы, Абай, Ақмола, Батыс Қазақстан және өзге өңірлер. Аталған облыстардың әкімдеріне мектептердің құрылысын уақытында аяқталуын жеке бақылап отыруды тапсырады», – деді Бектенов.

Сондай-ақ бірінші қыркүйекке дейін мектептер физика, химия, биология және робототехника бойынша 500 арнайы кабинетпен қамтамасыз етілуге тиіс. Ал жыл соңына дейін елдегі білім беру ұйымдарында 1400-ден астам осындай пәндік кабинет орнату жоспарланған.

Дегенмен бірқатар өңірде қаржыландыру мәселесін әлі де шешу қажет. Осыған байланысты премьер-министр Олжас Бектенов Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Ұлытау және Ақмола облыстарын ерекше атап өтті. Үкімет басшысы құрал-жабдықтарды сатып алуға қажетті барлық рәсімді жылдамдатуды тапсырды.

Оқи отырыңыз: Жетісу облысында 5,5 млрд теңгеге заманауи мектеп салынады

Сондай-ақ оқыңыз