Полиция қызметкерлері халыққа тегін кофе таратып жүр

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Полиция қызметкері кофе таратты
Кофе ұсынған полицей / фото: polisia.kz

Полиция қызметкерлері көлік жүргізушілерге кофе таратты. Стаканда заң мен тәртіп туралы жазылған.

Солтүстік Қазақстан облысында  полицейлер «Заң мен тәртіп» қағидатын күнделікті өмірде насихаттаудың тың тәсілін қолға алды. Тәртіп сақшылары жергілікті кәсіпкерлермен бірлесіп, танымал өнімдерге құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікке қатысты қысқа әрі маңызды ескертулері бар стикерлер жапсырды.

Полиция мәліметінше, ерекше акция «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасының алғашқы күнінде басталды.

«Акцияның басты мақсаты – тұрғындарға, әсіресе жастарға, «Заң мен Тәртіп» әр адамның күнделікті әрекетінен басталатынын жеткізу. Осыған байланысты жастар арасында кең танымал кофе мен пицца сияқты өнімдер ақпараттық алаң ретінде таңдалды», – деп түсіндірді polisia.kz.

Мәселен, «Оңтүстік» бақылау-өткізу бекетінде полицейлер жүргізушілерге «Заң мен Тәртіп» логотипі бейнеленген кофе ұсынып, жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтаудың маңызын еске салды. Ал пицца қораптарына қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпке қатысты қысқа ескертулер орналастырылды.

Полицейлердің пікірінше, шағын ескерту адамның күнделікті қарбаласта бір сәт ойланып, маңызды нәрсені еске түсіруіне себеп болады.

Сондай-ақ оқыңыз