Қазақстандағы алғашқы ЖИ университет биыл 600 студент қабылдайды

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Фото: Qazaq AI Research University

Биыл Қазақстандағы алғашқы ЖИ университетіне 600 cтудент қабылданады. Бұл туралы үкімет отырысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп жазады Kursiv.Media.

600 студенттің 400-і бакалавр. Оның ішінде 308 студент – мемлекеттік грант иегерлері. Ал 100 адам магистратура бағдарламасына Астана Хаб, Алагеум гранттарына және ақылы оқуға қабылданады.

Саясат Нұрбек студенттердің іс-тәжірибеден өтуі жайлы да ақпар берді. Оның келтірген дерегінше, жыл сайын 10 мыңға жуық студент «Самұрық Қазына» қорына қатысты компаниялардан өндірістік тәжірибеден өтіп, жұмыс пен оқуды қатар алып жүреді. Ал 2026 жылдың алғашқы жартысында мұндай мүмкіндікті 4,3 мыңнан астам студент пайдаланып үлгерген.

Айта кетейік, Qazaq AI Research University – Қазақстандағы алғашқы ЖИ университет. Биыл Президент тапсырмасымен арнайы ашылған. Саясат Нұрбек оқу орнын ашар кезде Қытай мен Финляндиядағы университеттер тәжірибесіне сүйенгенін айтқан.

Бірақ университет есігін ашпай жатып дау туындады. Бастапқыда оқу ордасы колледж түлектерінде қабылдайтынын айтты, кейін бұл шешімнен бас тартқан.

Сондай-ақ оқыңыз