Шілде айында елде 169,1 мың автокөлік тіркеуге қойылды

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Шілде айында 169,1 мың автокөлік құралы тіркеуге қойылды
Фото: kursiv.media

2026 жылғы шілде айында 169 133 автокөлік құралы тіркеуге қойылды. Бұл 2026 жылғы маусыммен салыстырғанда (167 878 бірлік) 0,7%-ға артық.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, тіркелген көлік құралдарының жалпы санының 87,7%-ын жеңіл автомобильдер, 5,6%-ын жүк автомобильдері, 2,4%-ын тіркемелер, 0,9%-ын автобустар, 0,8%-ын мотоциклдер және 2,6%-ын өзге де автокөлік құралдары құрады.

2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында тіркелген автокөлік құралдарының жалпы саны 6 059,2 мың бірлікке жетті. Жалпы автопарк құрылымында жеңіл автомобильдердің саны 5 081,5 мың бірлікке (83,9%), жүк автомобильдері – 495,0 мың бірлік (8,2%), тіркемелер – 263,2 мың бірлік (4,3%), автобус пен шағын автобустар – 89,5 мың бірлік (1,5%), мотоциклдер – 74,6 мың бірлік (1,2%) және өзге де автокөлік құралдары – 55,5 мың бірлік болды (0,9%).

Шілде айында тіркеуге қойылған жеңіл автомобильдердің құрылымында ең жоғары үлесті (35,2%) қозғалтқыш көлемі 1500-ден 2000 см³-ге дейінгі автомобильдер құрайды.

Өңірлер бөлінісінде қозғалтқыш көлемі 1500-ден 2000 см³-ге дейінгі жеңіл автомобильдер ең көп Алматы қаласында (6 160 бірлік), Астана қаласында (5 436 бірлік) және Алматы облысында (5 340 бірлік) тіркеуге қойылды.

Бұған дейін Kursiv.Media шілде айында ең көп сатылған көліктердің түрлерін жазған еді.

Сондай-ақ оқыңыз