Сирия соты экс-президент Башар Асадтың туысын өлім жазасына кесті

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Уасим Асад, экс-президент Башар Асадтың немере інісі
Уасим Асад 2025 жылғы маусымда қолға түскен / фото: Сирия ІІМ

18 тамызда Сирия соты экс-президент Башар Асадтың немере інісі Уасим Асадты өлім жазасына кесті. Бұл туралы Kursiv.Media France 24 телеарнасы мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

Мәліметтерге қарағанда, сириялық судья Фахр ад-Дин әл-Арьян ең ауыр үкімді сейсенбі күні шығарған. Сот экс-президенттің немере інісін көптеген адамды өлтірді, азаптады, адамзатқа қарсы және әскери қылмыс жасады деп тапты. Осы айыптар бойынша Уасим Асад өлім жазасына кесілді.

Естеріңізге сала кетейік, Сирияның жаңа билігінің соты бір апта бұрын – 11 тамызда бұрынғы президент Башар Асадты сырттай өлім жазасына кескен. Экс-президент Ресейде бас сауғалап жүр.

Сирия полициясы Уасим Асадты 2025 жылғы маусым айында қолға түсірген. Содан бері ол қамауда отырды.

Сондай-ақ оқыңыз