Әзербайжан үш ресейлік медиа өкілін халықаралық іздеуге берді

Ресейдің үш азаматына Әзербайжанға қарсы «террор мен зорлық-зомбылыққа шақырғаны үшін» халықаралық іздеу жарияланды, деп жазады Kursiv.Media.
Ара ақпаратына қарағанда, Ресей Федерациясының азаматтары — «Москва 24» телеарнасының жүргізушісі, журналист Иван Андреевич Князев, Ресейде өзін саяси кеңесші әрі медиа сарапшысы ретінде таныстыратын Семён Сергеевич Уралов, сондай-ақ тележурналист әрі тілші, Ресей Федерациясы көлік министрінің кеңесшісі Алексей Александрович Чадаев бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Ресейді Әзербайжанға қарсы күш қолдануға шақырған.
Мәлімдемелер 2026 жылғы 14 шілдеде «Семён Уралов» YouTube арнасында эфирге шыққан «Чистота понимания» бағдарламасында жасалған.
Әзербайжан Бас прокуратурасы мұны «елдің конституциялық құрылысын күш қолдану арқылы өзгертуге, аумақтық тұтастығын бұзуға, ұлттық өшпенділік пен араздықты қоздыруға, сондай-ақ терроризмге жария түрде шақыру» деп бағалады. Осы фактілері бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында алдын ала тергеу жүргізіп жатыр.
Айта кететін жайт, Әзербайжан СІМ басшысы Киевке барып, украин сарбаздары рухына тағзым етті.