Ай бетінде адамдың қатысы бар 18 метрлік жаңа кратер пайда болды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Unsplash, бильд-редактор: Дастан Шанай

Ай бетінде SpaceX-тің Falcon 9 зымыранының жоғарғы сатысы құлап, содан пайда болған жаңа кратердің суреті тарады.

NASA бұған Lunar Reconnaissance Orbiter (LRO) аппараты арқылы қол жеткізген.

LRO 11–12 тамызда кратерді әртүрлі жарық жағдайында бірнеше ракурстан бақылаған. Ғалымдардың өлшеуінше, оның ені шамамен 18 метр, тереңдігі 3 метрдей. Кратер маңындағы ашық және күңгірт жолақтар соққы кезінде жердің астынан шығарылған жаңа материал мен ұзақ уақыт бойы ғарыштық сәулелер, күн желі және микрометеориттер әсерінен өзгерген беткі қабаттан тұрады.

Кратердің орнын анықтауға NASA мамандары, тәуелсіз астрономдар және Оңтүстік Кореяның Danuri ай орбиталық аппаратының тобы бірлесіп жұмыс істеді. Danuri аппаратының жоғары ажыратымдылықтағы камерасы кратерді түсіріп, оның болжанған орнын нақтылауға көмектесті.

LRO түсірілімдерінің нәтижесінде кратердің нақты координаттары 19,4759° солтүстік ендік, 266,7138° шығыс бойлық, биіктігі 511 метр деп белгіленді.

Айта кететін жайт, 5 тамыз күні Астана уақытымен сағат 11:35-те SpaceX зымыранының қалдығы Айға құлаған еді. Ол 2025 жылғы қаңтарда ғарышқа ұшырылған.

Сондай-ақ оқыңыз