Ақсуатта дала өрті сөндірілді, Аягөзде оқшауланды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
фото: 112 kz

Абай облысының Ақсуат ауданындағы Ырғызбай ауылдық округіндегі Белбастау, Ойыл және Тоты учаскелеріндегі өрт ошақтары толығымен сөндірілді.

ТЖМ ақпаратына қарағанда, өртті сөндіруге ТЖМ, әскери бөлім және жергілікті атқарушы органдардан шамамен 143 адам мен 27 техника жұмылдырылған. .

Аягөз ауданында құрғақ шөптің жануы оқшауланды. Онда Ақбастау учаскесінде 75 гектар, Қоғалы учаскесінде 70 гектар аумақтағы құрғақ шөп жанған еді. Ашық жану ошақтары байқалмайды.

«Қазіргі уақытта жекелеген учаскелерге су себу жұмыстары жүргізіліп, қайта жанудың алдын алу мақсатында аумаққа бақылау жүргізілуде. Елді мекендерге қауіп жоқ. Қазіргі уақытта оқиға орнында ТЖМ күштері мен құралдары, ТЖМ-нің 68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, полиция департаменті, жергілікті атқарушы органдар және «Ауыл құтқарушылары» өрт сөндіру жұмыстарын жалғастыруда», – делінген хабарламада.

Барлығы 180-нен астам адам және 30 бірлік техника жұмылдырылған. Әуеден барлау барысында аумақ пен өрт ошақтарына әуеден шолу жүргізілген.

Айта кететін жайт, 17 тамызда Қазақстанда 12 орман өрті анықталды.

Сондай-ақ оқыңыз