Астанада Кравцов көшесі төрт күнге жабылады
Жарияланды

Астанада тағы бір көше жартылай жабылады. Қала әкімдігі Кравцов көшесінің бір бөлігінде 22 тамызға дейін көлік қозғалысына шектеу енгізілгенін хабарлады.
Уәлиханов көшесінен Тәшенов көшесіне дейінгі аралықта жол жабынының жоғарғы қабаты төселіп жатыр. Осыған байланысты көлік қозғалысы жолдың бір жолағында екі бағытта ұйымдастырылған.

Әкімдік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге маршруттарын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастырудағы өзгерістерді ескеруді ескертті. Жол учаскесіне уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылды.
Еске салайық, Астанада 15 тамыздан бастап жыл соңына дейін Алматы көшесімен қозғалыс толығымен жабылды. Бұл шектеу Түркістан көшесінен Мәңгілік Ел проспектіне дейінгі учаскеге қатысты.