Атырау МӨЗ жылына 6,1 млн тоннаға дейін мұнай өңдеуді жоспарлап отыр

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Атырау МӨЗ жылына 6,1 миллион тоннаға дейін мұнай өңдеуді жоспарлап отыр
Атырау МӨЗ жылына 6,1 миллион тоннаға дейін мұнай өңдеуді жоспарлап отыр / фото: ҚМГ

Атырау мұнай өңдеу зауытында 17 стратегиялық және инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның арқасында мұнайды жылдық қайта өңдеу көлемі 5,5 миллионнан 6,1 миллион тоннаға дейін артады.

Кәсіпорынды жаңғырту барысын «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов тексерді.

Биылғы сегіз айдың қорытындысы бойынша кәсіпорын 3,6 млн тонна мұнай өңдеп, 1,2 млн тоннадан астам автобензин, 1,3 млн тоннадан астам дизель отынын және шамамен 148 мың тонна авиаотын өндіруді жоспарлап отыр.

Бүгінде жеңіл мұнай өнімдерін шығару көлемі 80%-дан, ал шикізат өңдеу тереңдігі 90%-дан асты. Операциялық тиімділікті арттыру шараларының нәтижесінде дизель отынын шығарудың орташа тәуліктік көрсеткіші 2024 жылғы тәулігіне 5,5 тоннадан қазіргі таңда 7,1 мың тоннаға дейін ұлғайды.

Негізгі жобалардың бірі – технологиялық қондырғыларды үш жылдық тоқтаусыз жұмыс цикліне көшіру. Ол үшін 47 іс-шара қарастырылған, жобаның қазіргі дайындығы 23 пайызға бағаланып отыр.

Сонымен қатар Атырау МӨЗ-де сыртқы электр желілері қайта жаңартылып, электр беру желісі мен резервтік газ турбиналық электр станциясы салынып жатыр, сондай-ақ автоматтандырылған диспетчерлік басқару жүйесі енгізіліп жатыр. Шикізатты қабылдау үшін теміржол инфрақұрылымын кеңейту де жоспарланған.

Еске сала кетейік, 7 тамызда «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС бас директоры болып Мұратжан Мұсайбеков тағайындалды. Ол бұл қызметте Қуаныш Бишимовтың орнына келді. 

Сондай-ақ оқыңыз