Атырауда мұғалімдерді тазалық жұмыстарымен айналысуға мәжбүрлеген

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Атырауда мұғалімдерді еден жууға мәжбүрлеген
Атырауда мұғалімдерді еден жууға мәжбүрлеген / фото: ЖИ

Атыраудағы мектептердің бірінде мұғалімдердің құқығы бұзылды. Олар өз міндеттеріне кірмейтін шаруашылық жұмыстарын жасап қана қоймай, сыныпқа жөндеу жұмыстарын жасауға да мәжбүр болған.

Сол мектепте жұмыс істеп жүрген мұғалімдердің бірі Threads әлеуметтік желісінде өзінің басынан өткен оқиғаны бөліскен. Айтуынша, оны кабинетті тазалаумен, тіпті жөндеу жұмыстарымен айналысуға мәжбүрлеген.

«Мен жанжал шығарғым келмей, соңында бәрін өзім жасадым. Мұны тек «мәжбүрлегендіктен» ғана емес, өз оқушыларым үшін кабинетті ретке келтірудің маңызды екенін түсініп істедім. Себебі бөлменің жағдайы мәз емес еді, ата-аналар мен балалардың көзінше ұят болды», – деп жазды мұғалім өз жазбасында.

Оның айтуынша, ол бір апта бойы еден жуып, шаң сүртіп, қабырға ақтаған. Тіпті мектеп басшылары биік сатыға шығып, шамдардың шаңын сүртуді де талап еткен.

Алайда бұл үшін электр құралдарымен жұмыс істеу керек болғандықтан мұғалім қауіпті жұмыстан сыпайы түрде бас тартқан.

Сондай-ақ оқыңыз