«Денесін сүйреген деп ойлаймын…»: Мадинаның анасы жағдайды айтып берді

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Мадина
Мадина Рашидқызы Жамбыл облысында қайтыс болды

Жамбыл облысында 19 жастағы Мадина Рашидқызы қайтыс болды. Жергілікті полиция өзін өлтіруге жеткізу бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Марқұмның анасы журналист Руслан Өтепбайға болған жағдайды айтып берген.

Сөзінше, Мадина екі жыл бұрын тұрмысқа шыққан. Артында 10 айлық ұл баласы қалды. 

«Алматыдан бардым. Құдалардан «қызым қайда?» деп сұрадым. Қазір ауруханадан келеді деп айтты. Барайын десем, мені апарған жоқ. Қызымның қайтыс болғанын ешқайсысы айтпады. Көңіл айтқан жоқ. (…) Беті көгерген, денесі көгерген. Менің қызым ондайға барады деп ойламаймын. Шашында шөп бар. Сүйреген деп ойлаймын. Өздері өлтіріп… Күйеу бала ұрады, соғады», – дейді марқұмның анасы.

Марқұмның анасы қызы суицид жасады дегенге сенбейді. 

«Күйеу бала 23 жаста, жұмыссыз. Қызымды алып қашты. Қызым «қаламын» деп айтты. Екеуі интернетте танысқан. Жаназаға құда-құдағи келмеді. Оларға бәрібір болып тұр», – дейді әйел.

Әйелдің сөзінше, 13 тамызда Мадина хабарласып, бір «Барни» жегені үшін ұрыс шыққанын айтқан. Тіпті ұрып-соғуға барған.

«Барлық жері көгерген, аяғы тырналған», – дейді әйел. 

Айта кетейік, Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңның қатаңдағанына екі жыл болды. Осы уақытта елде 150 әйел күйеуінің не бірге тұратын ер адамның қолынан қаза тапты

Сондай-ақ оқыңыз