Динара Сатжан ақтөбелік емшіні тағы бір сотта жеңіп шықты
Жарияланды

Тележүргізуші Динара Сатжан ақтөбелік әйелді тағы бір сотта жеңіп шықты, деп хабарлайды Kursiv.Media. Бұл жолы Бағдагүл Лепесова Динара Сатжанды қорлағаны үшін кінәлі деп танылған. Бұл әрекет қылмыстық кодекстің 131-бабының 2-бөлігінде көрсетілген.
«Бағдагүлді бізді қорлағаны туралы іс бойынша сотта жеңіске жеттік. Егер сізді біреу қорласа, оны нотариус арқылы ресми түрде тіркеп, сотқа жүгініңіз», – деп жазды Сатжан.
Алайда Лепесова рақымшылыққа байланысты негізгі жаза — 30 АЕК мөлшеріндегі айыппұлдан босатылды.
Бұған дейін ақтөбелік емші Бағдагүл Лепесоваға әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің «жала жабу» бабы бойынша кінәлі деп танылды. Емші 1,5 млн теңгеден астам айыппұл төлейтін болды.