Қазақстан нарығындағы ең қымбат 20 компания (Инфографика)

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Қазақстан нарығындағы қымбат компаниялар / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Kursiv Media 2026 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша KASE және AIX алаңдарындағы Қазақстанмен байланысты ең ірі 20 жария компанияны нарықтық капитализациясы бойынша салыстырды.

Қазақстан қор нарығындағы ең қымбат компанияның құны $46 млрд-тан асады. Бұл – «ҚазМұнайГаз». Компанияның нарықтық капитализациясы шамамен $46,3 млрд болып, екінші орындағы «Қазатомөнеркәсіптен» екі еседен астам жоғары.

Екінші орында уран өндіруші «Қазатомөнеркәсіп» – $18,9 млрд, ал алғашқы үштікті Kaspi.kz – $18,7 млрд көрсеткішімен түйіндейді. Үш компанияның жиынтық нарықтық құнының өзі шамамен $84 млрд болады.

Қазақстан нарығындағы ең қымбат 20 жария компания
Нарықтық капитализация, млн АҚШ доллары
Лого
Компания
Тикер
Нарықтық құны
Нарық
1
ҚазМұнайГаз
KMGZKASE
KMGZ
46 295
KASE
2
Қазатомөнеркәсіп
KZAPKASE
KZAP
18 939
KASE
3
Kaspi.kz
KSPIKASE
KSPI
18 706
KASE
4
Freedom Holding Corp.
FRHCAIX
FRHC
9 850
AIX
5
Halyk Bank
HSBKKASE
HSBK
9 396
KASE
6
Solidcore Resources
COREAIX
CORE
4 270
AIX
7
Jiaxin International Resources
JXIRAIX
JXIR
3 650
AIX
8
ForteBank
ASBNKASE
ASBN
2 526
KASE
9
Банк ЦентрКредит
CCBNKASE
CCBN
1 861
KASE
10
Kcell
KCELKASE
KCEL
1 391
KASE
11
Қазақтелеком
KZTKKASE
KZTK
1 044
KASE
12
ҚазТрансОйл
KZTOKASE
KZTO
939
KASE
13
Maten Petroleum
MATNKASE
MATN
895
KASE
14
KEGOC
KEGCKASE
KEGC
856
KASE
15
Маңғыстаумұнайгаз
MMGZKASE
MMGZ
856
KASE
16
Air Astana
AIRAKASE
AIRA
548
KASE
17
Alatau City Bank
TSBNKASE
TSBN
437
KASE
18
AltynGold
ALTNAIX
ALTN
380
AIX
19
Central Asia Metals
CAMLAIX
CAML
340
AIX
20
АК Алтыналмас
ALMSKASE
ALMS
329
KASE

Рейтингке KASE-де саудаланатын компаниялармен қатар AIX алаңындағы, бірақ KASE тізімінде жоқ Қазақстанмен байланысты ірі эмитенттер де енгізілді. Соның арқасында Freedom Holding Corp. $9,9 млрд капитализациямен төртінші орынға, ал Solidcore Resources $4,3 млрд көрсеткішпен алтыншы орынға шықты. Jiaxin International Resources-тың нарықтық құны шамамен $3,7 млрд.

Банк секторында көш басында Halyk Bank тұр. Оның капитализациясы шамамен $9,4 млрд. Одан кейін ForteBank – $2,5 млрд, Банк ЦентрКредит – $1,9 млрд. Яғни Halyk-тің нарықтық бағасы келесі екі банктің капитализациясын қосқандағыдан да жоғары.

Ал телеком секторында Kcell – $1,4 млрд, «Қазақтелеком» – шамамен $1 млрд. Инфрақұрылымдық компаниялар арасында «ҚазТрансОйл» мен KEGOC-тың капитализациясы тиісінше $939 млн және $856 млн шамасында.

TOP-20-ның төменгі бөлігінде де нарықтық құны бірнеше жүз миллион доллар болатын компаниялар бар. Air Astana шамамен $548 млн, Alatau City Bank – $437 млн, ал «Алтыналмас» – $329 млн деп бағаланады.

Рейтинг бір нәрсені анық көрсетеді: Қазақстан қор нарығындағы капиталдың едәуір бөлігі әлі де мұнай, уран, қаржы және финтех секторларында шоғырланған. Ал капитализациясы $1 млрд-тан асатын компаниялардың қатары әзірге салыстырмалы түрде қысқа.

Тағы да оқыңыз →
Halyk Bank пен Kaspi.kz акциялары түсті: KASE 8 мың пункттен төмендеді
Сондай-ақ оқыңыз