Қытай аумағында екі мәрте жер сілкінді

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Көрші елде қайта-қайта жер сілкінді / фото: shutterstock

19 тамызға қараған түні Қытай аумағында қатарынан екі рет жер сілкінді. Олардың бірі Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында, ал екіншісі Хайси-Монгол-Тибет автономиялық округі аумағында тіркелді.

Алғашқы дүмпу Астана уақытымен түнгі сағат 2:36-да Цинхай провинциясының шөлді аймағында болды. Жер сілкінісінің магнитудасы – 5.8 балл. Жерасты дүмпуі болған жер Алматы қаласынан шамамен 1600-1700 шақырым жерде орналасқан.

Содан шамамен 1,5 сағаттан соң тағы бір мәрте жер сілкінді. Шыңжаң өңіріндегі дүмпу Астана уақытымен түнгі сағат 3:53-те тіркелді. Дүмпу ошағы Алматы қаласынан шамамен 260-270 шақырым жерде, Ақсу аймағына қарасты Онсу ауданының таулы аймағында орналасқан. Магнитудасы – 4,5 балл.

Көршілес Қытай аумағындағы дүмпулердің екеуін де Қазақстандағы сейсмикалық станциялар тіркеді. Мәліметті Қазақ Ұлттық деректер орталығы таратты.

Сондай-ақ оқыңыз