Тараздағы балабақшада аутизмі бар баланы тынығу кезінде байлап қойған

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің журналисі
Фото: Shutterstock

Тараз қаласындағы балабақшада аутизмі бар баланы тынығу кезінде байлап қойған,  деп хабарлайды Kursiv.Media.

Әлеуметтік желілерде Тараз қаласындағы балабақшалардың бірінде камераға түсіп қалған шок видео пайда болды.

Кадрлардан баланы байланған күйінде төсекке жатқызғанын көруге болады. Оны ұйықтатуға әрекет жасалған кезде сәби қарсылық көрсетіп, төсектен құлап түседі. Алайда ол әлі де байлаулы күйде қалады.

Видео авторының хабарлауынша, кадрдағы бала ерекше – оған «аутизм спектрінің бұзылысы» диагнозы қойылған.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің мәліметінше, болған оқиғаға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі (кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу әрекеттері жалғасуда. Оқиғаға қатысы бар адамдардың әрекеттеріне заңға сәйкес құқықтық баға беріледі», – деп хабарлады полиция.

Тергеу барысы облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында екені атап өтілді.

Сондай-ақ оқыңыз