Үкіметтік емес ұйым иелерінде 8,5 млн теңге ұтып алу мүмкіндігі бар

Мәдениет және ақпарат министрлігі үкіметтік емес ұйымдар арасында жыл сайынғы сыйақы беру байқауын жариялады. Ең үздік үкіметтік емес ұйымға 2000 АЕК немесе 8,6 млн теңге көлемінде қаражат беріледі.
Байқау мақсаты – үкіметтік емес ұйымдарды қоғамдық маңызы бар жобаларды іске асыруға көбірек жұмылдыру. Сыйақы әлеуметтік маңызы бар 16 сала бойынша беріледі.
Конкурсқа білім мен ғылым, азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, жастар мен балалар бастамаларын қолдау, халықтың әлеуметтік осал топтарына көмектесу, азаматтардың құқықтарын қорғау, мәдениет пен өнерді дамыту, волонтерлік және басқа да салаларда жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады.
Олар Қазақстан аумағында тіркелген және ҮЕҰ дерекқорына қажетті мәліметтерді ұсынған болуы керек. Соңғы үш жыл ішінде сыйақы алған ұйымдар конкурсқа қайта қатыса алмайды. Өтінімдерді қабылдау 2026 жылдың 1 қыркүйегі күні Астана уақытымен сағат 18:30-да аяқталады. Құжаттарды электронды түрде немесе қағаз бен электронды тасымалдағышта ұсынуға болады.
Соңғы тоғыз жылда 558 үкіметтік емес ұйым сыйақы иегері атанды. Олардың қатарында аудандар мен ауылдық аумақтарды дамытуға қосқан үлесі үшін жыл сайын марапатталатын 10-ға жуық ауылдық ҮЕҰ бар.
Оқи отырыңыз: Алматыда жүлде қоры 10,5 млн теңге болатын суретшілер байқауы жарияланды