1,4 трлн теңге: биыл банктердің таза пайдасы азайып жатыр

Қазақстан банктері алатын таза пайда биыл азайып жатыр. 2026 жылдың 7 айында 23 банк 1 трлн 398 млрд теңге тапқан. Мұны 2025 жылдың жеті айымен салыстырсақ, 15 пайызға аз, деп жазады Kursiv.Media.
Ұлттық банктің есебіне сәйкес, биыл қаржы ұйымдары 269 млрд теңге кем тапқан. Былтыр қаңтар-шілде аралығында банктердің таза пайдасы 1 трлн 641 млрд теңгені құраған еді.
Ал айлық табысты салыстырсақ, былтыр шілдеде 262 млрд теңге пайда алған банктердің таза табысы өткен айда 200 млрд теңгеден сәл асқан.
Ал әр банктің нақты қанша пайда тапқанын бас банк бөлек жариялайды. Бұған дейін сарапшылар қаржы ұйымдарының таза пайдасының кемуін салықтың артуы, несие талаптарының қатаңдауымен түсіндірген.
Оған қоса ірі компаниялардың бос ақша ағыны азайып, банктерді халықтың салымдарына тәуелді етіп отыр.